07.04.2026 16:58
Аарон Рэмзи мансабын аяқтады
07.04.2026 16:58
Уэльс құрамасының бұрынғы ойыншысы Аарон Рэмзи мансабына нүкте қойды

35 жастағы жартылай қорғаушы бүгін бутсасын шегеге ілгенін хабарлады.
Рэмзи бұл жорығында «Кардифф», «Арсенал», «Ноттингем Форест», «Ювентус», «Рейнджерс», «Ницца» және «Пумас» клубтарының намысын қорғаған.
Жалпы 637 матчта 101 гол соғып, 84 нәтижелі пас берді, сондай-ақ 10 трофейді төбесіне көтерді.