11.06.2026 17:41
ӘЧ-2026 беташар матчын миллиард адам тамашалайды
11.06.2026 17:41
Бүгін, 11 маусым күні күллі жаһан жұрты күткен футболдан Әлем чемпионаты басталады

Ашылу матчында Мехикода Мексика мен Оңтүстік Африка күш сынасады. Беташар ойын 87 523 адам сыятын «Ацтека» стадионында өтеді.
The Touchline хабарлауынша, оны бір миллиардтан аса адам тамашалайды деп күтілуде.
Ал біздің елде бұл кездесуді сағат 00:00-де Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.