18.12.2025 15:56
ӘЧ-2030 финалы «Сантьяго Бернабеуде» өтуі мүмкін
18.12.2025 15:56
2030 жылғы Әлем чемпионатының финалы Мадридтегі «Реалдың» стадионы «Сантьяго Бернабеуде» өтуі мүмкін

Бұл туралы AS басылымы хабарлады. Сондай-ақ үміткерлер қатарында «Камп Ноу» («Барселона») мен «Рияд Эйр Метрополитано» («Атлетико») да бар екен. Бірақ «бланкос» президенті Флорентино Перес пен FIFA басшысы Джанни Инфантино арасындағы жақын қарым-қатынас шешуші рөл ойнап кетуі мүмкін.
Айта кетейік, 2030 жылғы Әлем чемпионаты 13 маусым мен 21 шілде аралығында Испания, Португалия және Мароккода өтеді. Сондай-ақ турнирдің 100 жылдығына орай Уругвай, Аргентина және Парагвайда бір беташар матчтан болады.