01.12.2025 07:24

«Аякстың» матчы кейінге шегерілді

01.12.2025 07:24

«Аякс» – «Гронинген» матчын сейсенбіде жанкүйерлерсіз өткізеді

Нидерланд чемпионатының 14-турдағы «Аякс» пен «Гронинген» арасындағы кездесу жанкүйерлердің қауіпті әрекеттері салдарынан толықтай тоқтатылды.

5-минутта төреші Баз Нейхейс F-Side секторы тарапынан жаппай фейерверк жағылғандықтан ойынды тоқтатты. Матчты қайта жалғастыру мүмкіндігінен кейін ойын тағы да тоқтатылды. Ал төреші қауіпсіздікке байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Нидерланд футбол федерациясы матч сейсенбі күні жанкүйерлерсіз өтетінін растады. Басшылық бұл жағдайды тексеріп, кінәлілерді жазалауға уәде берді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram