24.09.2025 09:37
Әлем чемпионатына 64 құрама қатысуы мүмкін
24.09.2025 09:37
2030 жылғы әлем чемпионатында 48 емес 64 құрама бақ сынауы мүмкін
COPE мәліметінше, мұны КОНМЕБОЛ өкілдері турнирдің жүзжылдығына орай ұсынған екен. Ал FIFA бұл бастаманы қолдап отыр.
64 құрама қатысқан жағдайда төрт командадан 16 топ жасақталады. Әр топта үздік шыққан екі ұжым плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Осыған дейін ӘЧ-2026 турнирінің қатысушылар саны 32-ден 48-ге артқан еді.
Айта кетейік, 2030 жылғы мундиальдың ашылу матчтары Уругвай, Аргентина және Парагвайда өтіп, қалған ойындар Испания, Португалия һәм Мароккода жалғасады.