28.06.2026 11:29
Әлем чемпионатының фавориттері жаңарды
28.06.2026 11:29
Opta Әлем чемпионатының топтық кезеңінен кейін фавориттерді жаңартты

Жаңартылған рейтингіде Франция көш бастап тұр. Француздардың чемпион атану мүмкіндігі 18.58%-ға бағаланған. Екінші орынға Аргентина (16%) жайғасса, үздік үштікті Испания (12.56%) түйіндеп тұр.
Сондай-ақ алдыңғы ондықтың қатарында Англия (9.62%), Бразилия (6.66%), Нидерланд (5.29%), Португалия (4.98%), Германия (4.58%), Норвегия (3.18%) және Колумбия (3.10%) бар.
Плей-офф шымылдығын бүгін, 28 маусым күні Оңтүстік Африка – Канада матчы ашады. Оны Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.