10.10.2025 18:48

Аллегри А Сериясының үздік бапкері атанды

10.10.2025 18:48

Массимилиано Аллегри А Сериясының қыркүйектегі үздік бапкері атанды

Оның жетекшілігімен «Милан» өткен айда «Болонья» (1:0), «Удинезе» (3:0) және «Наполиді» (2:1) тізе бүктірді.

Италиялық маманға бұл марапат 19 қазан күні өтетін «Фиорентинаға» қарсы матчтың қарсаңында табысталады.

Алты турдан кейін 13 ұпай жинаған «россонери» турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram