12.12.2025 08:49
Алонсоның орнын басуға басты үміткер белгілі болды
12.12.2025 08:49
«Реал» соңғы матчтардағы сәтсіздікке байланысты жақында бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен босатуы мүмкін

Sky Sports DE хабарлауынша, Алонсо кеткен жағдайда оның орнын басуға Зинедин Зидан басты үміткер болады.
53 жастағы француз маманы Мадридтің клубын 2016-2021 жылдар аралығында жаттықтырған еді. Осы аралықта командамен бірге 11 трофей жеңіп алды. Сондай-ақ екі маусым (2016/17, 2017/18) қатарынан жылдың үздік бапкері атанды. Зизу «бланкостан» кеткелі жұмыссыз жүр.
Айта кетейік, «Реал» соңғы сегіз матчта небәрі екі мәрте ғана жеңіске жетті.