19.09.2026 17:30

«Алтын доп – 2026»: Эквадор журналисі дауысын Мессиге берді

19.09.2026 17:30

«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы «Алтын допқа» таласқа қатысып жатыр

The Touchline хабарлауынша, дауыс беруге Эквадор атынан қатысқан журналист өз рейтингінде Мессиді бірінші орынға қойыпты. Басылымның ұсынған ақпаратына сенсек, мұны журналистің өзі растаған.

Месси биылғы маусымда 27 матчта 23 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Ал Әлем чемпионатында сегіз гол соғып, төрт ассист жасады және күміс жүлдегер атанды.

Биылғы «Алтын доп» иегері 26 қазан күні Лондонда анықталады. Былтыр ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Осман Дембеле топ жарған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram