27.10.2026 01:13
Алтын доп – 2026: Мбаппе рекорд орнатты
27.10.2026 01:13
«Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы «Алтын доп» рейтингінде топ-10 қатарына кірді

Осылайша ол тоғыз жыл бойы алғашқы ондықтан түспей келеді. Килиан осындай көрсеткішті тіркеген алғашқы француз атанды.
27 жастағы форвард өткен маусымда 44 матчта 42 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ал Әлем чемпионатында он голымен үздік сұрмерген атанып, төрт нәтижелі пас берді.