09.04.2026 10:40

Альварес рекорд орнатты

09.04.2026 10:40

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Барселонаға» (2:0) қарсы алғашқы матчта бір мәрте мергендік танытты

Осылайша ол клуб тарихында Чемпиондар лигасының бір маусымында ең көп гол соққан ойыншы атанды. Альварес тоғыз голымен 2013/14 жылғы маусымда тіркелген Диего Костаның (8 гол) рекордын жаңартты.

26 жастағы аргентиналық форвард Мадридтің клубына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 45 матчта 18 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram