15.06.2026 14:57
Аморим «Миланды» тізгіндейді
15.06.2026 14:57
Рубен Аморим «Милан» бас бапкері атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2028 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Ал жалақысы жылына төрт миллион еуроны құрайды екен.
41 жастағы португалиялық маман Массимилиано Аллегридің орнын басты. Аморим бұған дейін соңғы рет «Манчестер Юнайтедті» 2024 жылдан бері жаттықтырған еді.