19.07.2026 06:49
Англия Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
19.07.2026 06:49
Әлем чемпионатының үшінші орыны үшін талас матчында Англия Францияны тізе бүктірді

«Хард-Рок» стадионында өткен кездесуде 6:4 есебі тіркелді. Англия сапында Букайо Сака хет-трик жасаса, Деклан Райс, Эзри Конса және Джуд Беллингем бір голдан соқты. Ал Франция құрамында Килиан Мбаппе дубль рәсімдеп, Брэдли Барколя мен Осман Дембеле мергендік танытты.
Осылайша Англия тарихында алғаш рет Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұған дейін 1966 жылы алтыннан алқа таққан.