06.10.2025 08:32

Ансу Фати үздік сұрмерген атанды

06.10.2025 08:32

Франция Бірінші лигасының 7-туры аясында «Монако» «Ниццамен» (2:2) тең тарқасты

Монегаскілердің екі голын Ансу Фати пенальтиден соқты. Бұл – испаниялық вингердің чемпионаттағы 4 және 5-голы болды. Осылайша сұрмергендер тізімінде «Страсбур» шабуылшысы Хоакин Паничеллимен теңесті.

«Монако» Фатиді «Барселонадан» маусым соңына дейін жалға алған еді.

Жеті турдан кейін 13 ұпай жинаған Ади Хюттер шәкірттері турнир кестесінде 5-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram