13.02.2026 17:14

АПЛ-дың үздік ойыншысы белгілі болды

13.02.2026 17:14

«Брентфорд» шабуылшысы Игор Тиаго Ағылшын Премьер-лигасының қаңтардағы үздік ойыншысы атанды

24 жастағы шабуылшы өткен айда бес матчқа қатысып, бес гол соқты. Ол дауыс беру нәтижесінде Ясин Аяриді («Брайтон»), Патрик Доргуды («Манчестер Юнайтед»), Энцо Фернандесті («Челси»), Жуниор Крупиді («Борнмут»), Крисенсио Саммервиллды («Вест Хэм»), Харри Уилсонды («Фулхэм») және Флориан Вирцті («Ливерпуль») шаң қаптырды.

Осылайша Игор бұл жүлдені екі рет жеңген тарихтағы алғашқы бразилиялық ойыншы атанды. Тиаго бұған дейін қарашада топ жарған еді.

Игор Тиаго осы маусымда 27 матчта 18 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram