23.10.2025 16:10
АПЛ-дың жаңа добы таныстырылды
23.10.2025 16:10
Ағылшын Премьер-лигасының су жаңа добы таныстырылды

Маусымның қысқы бөлігінде футболшылар PUMA бренді ұсынған Under the Lights добымен ойнайды.
Арнайы технология бойынша әзірленген доп 12 бөліктен тұрады. Тігісінің мықты болуына байланысты ауада мінсіз ұшады екен.

Жаңа допты алғаш рет 8 қарашада өтетін «Тоттенхэм» – «Манчестер Юнайтед» матчында көреміз.
Жалпы Ағылшын Премьер-лигасында PUMA доптары биылғы маусымнан бері қолданылып келеді. Осы аралықта 209 мәрте қақпа торын тулатыпты.