04.12.2025 22:06

АПЛ қараша айының «үздік ойыншысы» атағына үміткерлер

04.12.2025 22:06

Ағылшын Премьер-лигасының қараша айындағы «үздік ойыншысы» атағынан дәмелі сегіз футболшылы белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Харви Барнс («Ньюкасл», 3 гол), Кирнан Дьюсбери-Холл («Эвертон», 1 гол), Жереми Доку («Манчестер Сити», 1 гол), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед», 4 ассист), Морган Гиббс-Уайт («Ноттингем Форест», 3 гол), Рис Джеймс («Челси», 1 ассист), Деклан Райс («Арсенал», 1 гол) және Игор Тиаго («Брентфорд», 5 гол) кірді.

Жеңімпаз жанкүйерлер мен сарапшылардың дауыс беруі бойынша анықталады.

Бұл жүлдені тамызда Джек Грилиш («Эвертон»), қыркүйекте Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), ал қазанда Брайан Мбемо («Манчестер Юнайтед») жеңіп алған еді.

Айта кетейік, 14 турдан кейінгі турнир кестесінде 33 ұпай жинаған «Арсенал» көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram