11.04.2026 19:02

«Арсенал» – «Борнмут» матчында тарихи нәтиже тіркелді

11.04.2026 19:02

Ағылшын Премьер-лигасының 32-турында «Арсенал» мен «Борнмут» кездесті

Лондонда өткен кездесуде алаң қонақтары 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша «Борнмут» тарихында алғаш рет «Арсеналды» сырт алаңдағы қатарынан екі АПЛ матчында жеңді. Осыған дейін «шиелер» «зеңбірекшілерді» тура осындай есеппен өткен жылдың 3 мамырында сан соқтырған еді.

32 турдан кейін 70 ұпай жинаған «Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр. Ал 45 ұпайы бар «Борнмут» тоғызыншы сатыда келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram