07.08.2026 17:35

«Арсенал» ойыншысы «Наполиге» ауысуы мүмкін

07.08.2026 17:35

«Арсенал» шабуылшысы Габриэль Жезус «Наполиге» ауысуы мүмкін

Calciomercato хабарлауынша, Неаполь клубының бас бапкері Массимилиано Аллегри 29 жастағы бразилиялық форвардты өз командасында көргісі келеді. «Наполи» оны жақында клубтан кетуі мүмкін Ромелу Лукакудың орнына қарастырып отыр.

Жезустың өзі Италия А Сериясында ойнауға дайын. Ал «Арсенал» ойыншысын шамамен 20 миллион еуроға бағалап отыр және «Наполи» бұл сомадан түсіріп алуды көздейді.

Габриэль «зеңбірекшілердің» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол өткен маусымда 27 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram