02.08.2026 14:19
«Арсенал» ойыншысына «Манчестер Юнайтед» көз тікті
02.08.2026 14:19
«Арсенал» қорғаушысы Майлз Льюис-Скелли «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

The Independent хабарлауынша, манкуниандықтар «Ньюкаслдағы» Льюис Холлды ала алмаса, назарын Льюис-Скеллиге бұрады екен. «Қызыл сойқандар» Майлзды біраздан бері бақылап жүр.
Ал Бруно Гимарайнш және Винисиус Жуниорды қатарына қосумен айналысып жатқан «Арсенал» қосымша табыс көру мақсатында төл түлегін сатып жіберуі мүмкін.
19 жастағы англиялық ойыншы өткен маусымда 36 матчқа қатысып, төрт нәтижелі пас берді.