22.02.2026 23:48
«Арсенал» «Тоттенхэмді» тізе бүктірді
22.02.2026 23:48
Ағылшын Премьер-лигасының 27-турында «Арсенал» сырт алаңда «Тоттенхэмді» тізе бүктірді

Солтүстік Лондон дербиі 1:4 есебімен аяқталды. «Арсенал» сапында Эберечи Эзе мен Виктор Дьокереш дубль жасады. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Рандаль Коло Муани соқты.
Осылайша «зеңбірекшілер» 61-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде көш бастады.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 1 наурыз күні «Челсиді» қабылдайды.