28.07.2026 11:33
«Арсенал» Винисиус үшін ұсыныс жасауға дайын
28.07.2026 11:33
«Реал» вингері Винисиус Жуниор «Арсеналға» ауысуы мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Лондонның клубы алғашқы ұсынысын жасауға дайын. Бұдан «Реал» хабардар. Сондықтан Мадридтің клубы Винимен келісімшартты ұзарту үшін барын салып жатыр.
«Бланкос» Винисиусты 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. 26 жастағы бразилиялық вингер өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.