03.12.2025 12:04
«Астон Вилла» ойыншысы қатардан шықты
03.12.2025 12:04
«Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Росс Баркли жарақат алды

31 жастағы ағылшын «Вулверхэмптонға» (1:0) қарсы ойында тізесін зақымдап алыпты. Осыған байланысты 8-12 апта көлемінде алаңға шыға алмайды.
Бұл оның мансабындағы 15-жарақаты болды. Осыған дейін 526 күні емделуге кетіп, 119 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда сегіз ойынға қатысып, бір гол соқты.