25.02.2026 00:50

«Атлетико» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты

25.02.2026 00:50

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясындағы қарымта матчта «Атлетико» өз алаңында «Брюггені» 4:1 есебімен жеңді

«Метрополитано» стадионында өткен кездесуде алаң иелері сапында Александер Сёрлот хет-трик жасаса, Джонни Кардозо бір рет мергендік танытты. Ал «Брюггенің» жалғыз голын Йоэль Ордоньес соқты.

Осылайша Мадридтің клубы қос матчтың қорытындысы бойынша 7:4 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Диего Симеоне шәкірттері келесі кезеңде «Тоттенхэмге» немесе «Ливерпульге» қарсы ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram