15.04.2026 02:40

«Атлетико» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

15.04.2026 02:40

Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында «Атлетико» өз алаңында «Барселонаны» тізе бүктірді

«Метрополитано» стадионында өткен кездесуде Каталония клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Блауграна» сапында Ферран Торрес пен Ламин Ямаль гол соқса, алаң иелерінің құрамында Адемола Лукман мергендік танытты. Алайда «матрасшылар» қос матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Диего Симеоне шәкірттері келесі кезеңде «Спортинг» – «Арсенал» (1:0) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram