14.10.2026 02:16
«Атлетико» «Манчестер Юнайтедтен» басым түсті
14.10.2026 02:16
Чемпиондар лигасының екінші турында «Атлетико» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» 2:0 есебімен жеңді

«Метрополитано» стадионында өткен кездесуде 1-минутта Пабло Барриос гол соқса, 79-да Адемола Лукман есепті еселеді. Сондай-ақ 74-минутта Лени Йоро алаңнан қуылды.
Диего Симеоненің шәкірттері келесі турда 20 қазан күні «Штутгартқа» қонаққа барады. Ал Майкл Кэрриктің жігіттері 21 қазан күні сырт алаңда «Комомен» күш сынасады.