04.06.2026 10:24

Азар Әлем чемпионатын кім жеңетінін айтты

04.06.2026 10:24

Бельгия құрамасының және «Челси» мен «Реалдың» бұрынғы вингері Эден Азар алдағы Әлем чемпионатына қатысты пікір білдірді

«Меніңше, Әлем чемпионатын Испания немесе Франция жеңеді. Англия да болуы мүмкін. Бельгия тосын сый жасаса екен деп отырмын. Сондай-ақ Португалия топ жарса қуанамын, себебі оларды менің жақын досым Роберто Мартинес жаттықтырады»,– деді Азар.

Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Елімізде жаһан додасының барлық матчын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram