15.09.2026 23:26

Азия Чемпиондар лигасы: «Әл-Наср» ойсырай жеңілді

15.09.2026 23:26

Азия Чемпиондар лигасының 1-турында «Әл-Наср» сырт алаңда «Әл-Аиннен» ойсырай жеңілді

4:0 есебімен аяқталған матчта Эль Хуссин Рахими дубль жасаса, Суфиане Рахими мен Георгиос Гиакумакис бір голдан соқты.

Криштиану Роналду толық матч өткізгенімен, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Эр-Риядтың командасы келесі турда 12 қазан күні Өзбекстанның «Нефтчиін» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Саудия Про-лигасында «Әл-Дириямен» өз алаңында күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram