22.12.2025 21:28

Бапкер Салах туралы пікір білдірді

22.12.2025 21:28

Хассан : «Ол әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі»

Египет құрамасының бас бапкері Хоссам Хассан Салах пен «Ливерпуль» клубының бас бапкері Арне Слот арасындағы келіспеушілік туралы пікір білдірді.

«Салахтың жаттығу кезінде көңіл-күйі өте жақсы. Мен оның керемет ойын өткізетініне сенімдімін. Қазір оның мотивациясы өте жоғары деңгейде. Салах бұрын да, қазір де кумир болып қала береді. Ол әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі, мен оның жасаған әр нәрсесін қолдаймын», - деді Хассан.

Еске салайық, бұған дейін Салах «Ливерпульде» үш рет қатарынан негізгі құрамға енбегеніне наразы болып, наразылығын білдірген болатын.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram