03.12.2025 04:39
«Барселона» «Атлетикодан» басым түсті
03.12.2025 04:39
Испания Ла Лигасының 19-турында «Барселона» өз алаңында «Атлетиконы» тізе бүктірді

«Камп Ноуда» өткен кездесуде Каталонияның клубы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері сапында Рафинья, Дани Ольмо және Ферран Торрес мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Алекс Баэна соқты. Сондай-ақ Роберт Левандовски пенальтиден мүлт кетті.
Осылайша 37-ұпайына қол жеткізген «блауграна» турнир кестесінде көш бастады.
Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні «Бетиске» қонаққа барады.