05.04.2026 02:18

«Барселона» «Атлетиконы» тізе бүктірді

05.04.2026 02:18

Испания Ла Лигасының 30-турында «Барселона» сырт алаңда «Атлетикодан» басым түсті

Мадридте өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Каталония клубының сапында Маркус Рэшфорд пен Роберт Левандовски қақпа торын тулатты. Ал «матрасшылардың» жалғыз голын Джулиано Симеоне соқты. Сондай-ақ 45+7-минутта Нико Гонсалес алаңнан қуылып кетті.

Қос команда енді Чемпиондар лигасының ширек финалында өзара кім мықтыны анықтайды. Алғашқы матч 8 сәуір күні «Камп Ноуда» болса, қарымта кездесу тура бір аптадан кейін «Метропалитанода» өтеді.

Ішкі біріншілікте Ханси Фликтің шәкірттері 76 ұпаймен көш бастап тұр. 57 ұпайы бар Диего Симеоненің командасы төртінші орынға жайғасқан.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram