21.10.2025 23:14
«Барселона» ірі есеппен жеңіске жетті
21.10.2025 23:14
УЕФА Чемпиондар лигасының 3-турында «Барселона» өз алаңында «Олимпиакосты» 6:1 есебімен жеңді

Каталония клубының сапында Фермин Лопес хет-трик, ал Маркус Рэшфорд дубль авторы атанды. Сондай-ақ Ламин Ямаль 11 метрлік айып добынан мергендік танытты. Ал «Олимпиакостың» жалғыз голын Аюб Эль-Кааби пеналтиден соқты.
Одан бөлек 57-минутта грек командасының жартылай қорғаушысы Сантьяго Хеззе алаңнан қуылып кетті.
Осылайша үш ойында алты ұпай жинаған «блауграна» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Ханси Флик шәкірттері келесі турда 6 қараша күні «Брюггеге» қонаққа барады.