20.11.2025 18:39

«Барселона» Левандовскиден гол соқпауын өтінген

20.11.2025 18:39

Гол соқсан тағы да төлейміз

Шабуылшының басты міндеті - гол соғу. Ал «Барселона» 2022/23 маусымында Роберт Левандовскиге гол соғуын тоқтатуды сұраған. Басты себеп - егер ол Ла Лигада 25 гол соқса, клуб «Баварияға» қосымша 2,5 миллион еуро төлеуге міндетті болған.

Левандовски бұл ұсынысты басында түсінбеген екен. Қарсыластарының қақпасына 23 гол тоғытып, одан әрі шабуылда белсенді ойын көрсетпеген. Бірақ соған қарамастан маусымның үздік сұрмергені атағын алған.

Бұл ақпаратты поляк жазушысы Себастьян Стасзевскийдің Левандовски туралы өмірбаян кітабында жазған болатын.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram