26.10.2026 17:53
«Барселона» ойыншысы екі айға қатардан шықты
26.10.2026 17:53
«Барселона» қорғаушысы Хави Эспарт жарақат алды

19 жастағы испаниялық ойыншы «Реалға» (1:2) қарсы кездесуде тобығын зақымдап алды. Осыған байланысты ол шамамен жеті апта командасына көмектесе алмайды.
Эспарт – «Барселонаның» төл түлегі. Ол осы маусымда тоғыз матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Хави жақында келісімшартын 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.