12.02.2026 14:09
«Барселона» ойыншысы «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
12.02.2026 14:09
«Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде мансабын Англияда жалғауы мүмкін

Daily Mail хабарлауынша, оған «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр. «Қызылдар» 27 жастағы француз үшін келер жазда 80 миллион еуро ұсынуға дайын екен.
Кунде Каталонияның клубында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы маусымда 35 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.