04.06.2026 19:34

«Барселона» ойыншысы «Монакоға» ауысуға жақын

04.06.2026 19:34

«Барселона» жартылай қорғаушысы Марк Касадо «Монакоға» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, монегаскілер 22 жастағы испаниялық ойыншыны бонустармен есептегенде 23 миллион еуроға сатып алып, қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ «Барселона» «Монако» Касадоны келесіде сатқан жағдайда түскен ақшаның 20%-ын иеленеді екен.

Касадо – «Ла Масия» түлегі. Ол осы маусымда 34 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram