26.02.2026 09:52
«Барселона» ойыншысымен келісімшартты ұзартады
26.02.2026 09:52
«Барселона» жартылай қорғаушысы Марк Касадо клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Маркқа Англияның бірқатар клубы көз тігіп отыр, бірақ «Барселона» оны сақтап қалғысы келеді.
25 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 25 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.