05.12.2025 15:25
«Барселона» ойыншысымен келісімшартты ұзартты
05.12.2025 15:25
Эрик Гарсия «Барселонада» қалатын болды

Қос тарап арадағы келісімшартты 2031 жылға дейін ұзартты.
24 жастағы испан қорғаушысы «блауграна» академиясынан түлеп ұшып, негізгі командада 2021 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта жалпы 135 ойында жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берген. Сондай-ақ клубпен бірге бес трофей жеңіп алды.
Гарсия осы маусымда 20 матч өткізіп, бір гол мен бір ассисттің авторы атанды.