23.11.2025 06:30
«Барселона» қорғанысы сыр бермеді
23.11.2025 06:30
«Барселона» 11 матчтан кейін алғаш рет гол жіберген жоқ

Испания Ла Лигасының 13-турында «Барселона» өз алаңында «Атлетикті» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Каталонияның клубы қатарынан 10 матч бойы гол жіберіп алған екен. Сол олқылықтың орнын бүгін толтырды.
Бұл «Барселонаның» 21 қыркүйектен бергі алғашқы «құрғақ» жеңісі болды. Сол күні команда Ла Лиганың 5-турында «Хетафеден» (3:0) гол жібермеген еді.
Осылайша 31-ұпайын еншілеген «Барселона» live-кестеде көш бастады. Ханси Флик бастаған команда 29 қараша күні «Алавеспен» бақ сынасады.