17.04.2026 19:19

«Барселона» жаңа шабуылшымен толығуы мүмкін

17.04.2026 19:19

«Атлетико» шабуылшысы Александер Серлот «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Маттео Мореттоның хабарлауынша, «блауграна» оны жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосуды көздейді. Серлот Левандовскиге ұқсағандықтан ойын мәнері «Барселонаға» дәл келеді екен. Каталония клубы Александерді бас бапкер Ханс-Дитер Фликтің тактикасына тез бейімделіп кете алады деп есептейді.

Серлот Мадридтің клубына 2024 жылы «Вильярреалдан» 32 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 47 матчта 17 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram