19.01.2026 03:23
«Барселона» жеңіліс тапты
19.01.2026 03:23
Ла Лиганың 20-турында «Барселона» сырт алаңда «Реал Сосьедадқа» жол берді

Сан-Себастьянда өткен матчта 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Микель Оярсабаль мен Гонсалу Гедеш мергендік танытты. Ал «блаугрананың» жалғыз голын Маркус Рэшфорд соқты.
Осылайша Каталония клубының 11 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.
20 турдан кейін 49 ұпай жинаған Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері турнир кестесінде көш басында қала береді. Келесі турда команда 25 қаңтар күні «Реал Овьедоны» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Славияға» қонаққа барады.