17.12.2025 03:27
«Барселона» жеңіске жетті
17.12.2025 03:27
Испания Кубогының 1/16 финалында «Барселона» сырт алаңда «Гвадалахараны» 2:0 есебімен тізе бүктірді

«Педро Эскартен» стадионында өткен кездесуде Андреас Кристенсен мен Маркус Рэшфорд гол соқты.
Осылайша Каталонияның клубы турнирдің 1/8 финалына сүрінбей өтті.
Айта кетейік, 17 турдан кейін 43 ұпай жинаған «блауграна» Испания чемпионатында көш бастап тұр. Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 21 желтоқсан күні «Вильярреалға» қонаққа барады.