30.12.2025 16:46
«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы мансабын аяқтады
30.12.2025 16:46
Миралем Пьянич мансабын аяқтағанын хабарлады

Қазір клубсыз жүрген 35 жастағы жартылай қорғаушы бутсасын шегеге ілуді жөн көрді. Ол футбол агентін даярлайтын курста оқып жүр екен. Жақын арада лицензия алып, осы салада қызмет етпек ниетте. Ал бүгінде Дубайдағы академияның демеушісі және сол жақта тұрып жатыр.
Босния және Герцеговина құрамасының бұрынғы дүлдүлі мансабында «Барселона», «Ювентус», ЦСКА, «Рома», «Мец», «Лион», «Бешикташ» және БАӘ-нің «Шарджа» клубында ойнаған. Карьерасында жалпы 781 матч өткізіп, 94 гол мен 161 нәтижелі пасты еншісіне жазды. Сондай-ақ бас-аяғы 13 трофей жеңіп алды.