05.04.2026 19:31
«Барселонаның» екі ойыншысы жарақат алды
05.04.2026 19:31
«Барселона» қорғаушылары Рональд Араухо мен Марк Берналь жарақат алды

Берналь сол аяғының тобық буынын созып алыпты. Осыған байланысты ол «Атлетикоға» қарсы алғашқы ойынға қатыспайды.
Ал Араухо сол аяғының сан бұлшық етін зақымдап алған, бірақ онікі Бернальдікіндей ауыр емес екен. Сондықтан алдағы матчта ойнайды.
«Блауграна» 8 сәуірде, Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясында «Атлетикомен» күш сынасады.