06.10.2025 22:41
«Барселонаның» Ла Лигадағы ойыны шетелде өтуі мүмкін
06.10.2025 22:41
UEFA Италия мен Испания чемпионаттары жолдаған ұсынысты қабылдады

Осылайша 21 желтоқсан күні екі лиганың қос матчы шетелде ұйымдастырылуы мүмкін.
Атап айтсақ, «Вильярреал» мен «Барселона» өзара кездесуді АҚШ-тың Майами қаласында өткізуге ниетті. Ал «Комо» мен «Милан» арасындағы кездесу Аустралияда болады деп жоспарлануда.
UEFA бұл шешімді FIFA ережесіндегі ағаттыққа байланысты мәжбүрлі түрде қабылдағанын алға тартты. Келешекте мұндай олқылықтар қайталанбайтынына уәде берді.