01.02.2026 00:50
«Бавария» «Гамбургты» жеңе алмады
01.02.2026 00:50
Германия Бундеслигасының 20-турында «Бавария» сырт алаңда «Гамбургпен» тең тарқасты

«Фолькпаркштадионда» өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Мюнхеннің клубында Харри Кейн мен Луис Диас мергендік танытты. Ал алаң иелерінің сапында Фабио Виейра және Лука Вускович гол соқты.
Осылайша Мюнхеннің клубы ішкі біріншілікте қатарынан екінші ойын жеңіске жете алмады. Бұған дейін «Аугсбургке» (1:2) жол берген еді. Бірақ бәрібір 51 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.
Венсан Компанидің шәкірттері келесі турда 8 ақпан күні «Хоффенхаймды» қабылдайды.