16.12.2025 21:07
«Бавария» ойыншысы жаттығуға кірісті
16.12.2025 21:07
Мусиала командамен бірге жаттығуға кірісті

«Баварияның» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала жарақатынан айыққаннан кейін алғаш рет командамен толыққанды жаттығуларды қайта бастады, деп хабарлайды Фабрицио Романо.
Еске салайық, 22 жастағы неміс футболшысы клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/4 финалында ПСЖ-ға қарсы өткен матчтың (0:2) бірінші таймының соңында жарақат алған.
Оған тобық буынының сынуы мен шығуы диагнозы қойылған. Ойыншының жасыл алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз.