10.12.2025 00:39

«Бавария» «Спортингті» тізе бүктірді

10.12.2025 00:39

УЕФА Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Бавария» өз алаңында «Спортингтен» басым түсті

«Альянц Аренада» өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Мюнхен клубының сапында Серж Гнабри, Карл Леннарт және Джонатан Та мергендік танытты. Сондай-ақ Йозуа Киммих автогол авторы атанды.

Осылайша 15-ұпайына қол жеткізген «Бавария» live турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Венсан Компани шәкірттері келесі турда 22 қаңтар күні «Юнионды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram