27.06.2026 10:14
Бельгия ірі есеппен жеңіске жетті
27.06.2026 10:14
Әлем чемпионатының үшінші турында Бельгия Жаңа Зеландияны тізе бүктірді

Канаданың Ванкувер қаласында өткен кездесуде 1:5 есебі тіркелді. Бельгия сапында Леандро Троссард дубль жасаса, Кевин де Брюйне, Ромелу Лукаку және Алексис Салемакерс бір голдан соқты.
Осылайша «қызыл сойқандар» бес ұпай жинап, топтан бірінші орынмен шықты. Ал бір ұпайы бар Жаңа Зеландия соңғы сатыда қалды.