05.10.2026 23:35

Беллингем Ұлттар лигасында үздік атанды

05.10.2026 23:35

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Ұлттар лигасының 3-турдағы үздік ойыншысы атанды

23 жастағы «Реал» ойыншысы Хорватияға (7:0) қарсы кездесуде гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Осылайша ол дауыс беру нәтижесінде Кевин де Брюйне (Бельгия), Бруну Фернандеш (Португалия) және Флориан Вирцті (Германия) артқа тастады.

Англия ертең Чехияны қабылдайды. «Уэмблиде» өтетін ойын сағат 23:45-те басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram